Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Ех жалған
Ех жалған сен осындай қиынбедің,
Тамшы жастар жанарыма үйіп едің.
Доссыз мені шынымен қалдырдың ғой
Достарымды мәңгі деп жиып едім.

Ех жалған сен не деген қиын едің,
Қиындыққа сен мені бейімдедің.
Көнуден басқа амалым қалмады ғой,
Әкемді де өліміңе қиып едің.

Ех жалған сен осындай жалғанбедің,
Жалғанға қызығудан қалған едім.
Аллаға құлшылықтар етіп қана
Өмірімнен кішкене нәр алған едім.

Жалғанның жалғандығы бітпейді екен,
Тоқтай тұр дегендерді күтпейді екен.
Өмірдің өзін алдап өмір сүрсең
Тек қуаныш мойныңа жүктейді екен.
 
 Айдана 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 806 | Рейтинг: 0.0/0