Махаббат деген
Бұл өмірде «махаббат» деген ұғым бар, Сол ұғымды шын жүрекпен ұғыңдар. Махаббаттың отына күймегеніммен, Махаббат жайлы кішкене ғана жырым бар. Махаббат деген – алау ғой жанып лаулаған, Ғашықтардың жүректерін баураған. Махаббат деген – ол көгілдір аспан ғой, Күн батқанда, ғашықтардың жұлдыздары жайнаған. Махаббатты тұңғиық теңіз дер ем, Теңіздейін мөлдір ғой «сезім» деген. Адамды адам деуге боладыма... Сол ғажайып сезімді сезінбеген...?! Аялайық, әрқашан асыл сезімді, Махаббатқа болу керек төзімді. Махаббат жайлы ойымды жырға қостым мен, Осыменен аяқтайын сөзімді. Аймухамбет Айдынғали | |
Просмотров: 904 | |