Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Таң атқанда туған ой немесе алдамшы сезім туралы жыр...
1
Көк аспанда бір жұлдызбен ай ғана,
Сол жұлдызбен, айға қарап, мен отырмын ойлана...
Тебіреніп, жүрек шіркін тулайды
Шабыт келіп, жыр жазамын толғана.

Жүректегі сырымды айтам жымыңдаған жұлдызға,
Бұл өмірде ғашық болдым, шын көңілмен бір қызға.
Шын сүйдім мен, жүрегіммен ұнаттым,
"Сен ұнайсың.., сүйем ! " – дедім, ол қызға.

Ол да маған "сені сүйем ! ", - деп еді,
Жалған екен "жақсы көрем" дегені.
Дейді маған "ғашық болдым біреуге,
Дос ретінде сені ұнатам" – дейді енді.

Қиын екен, сүю деген шынында !
Қиын екен, махаббаттың биігіне шығуда !
Қиын екен, бір сұлуды шын сүю
Сүймесе ол – тырысасың жан-жүрегін ұғуға.

2

Бірақ, өмір – тоқтамайды, тұрмайды,
Алға қарай кезеңімен зулайды.
Сүйген жүрек, сүймегеннің артынан
Өмір бойы, "сүйші" – деп, ол қумайды.

Өмір деген – кезең ғой ол, өтпелі,
Алмасады қысы, жазы, күзі менен көктемі.
Сол кездегі көктемнің
Жүрегіме жара салып кеткені.

3

Басталған жырым, жетсінші бүгін соңына,
Алып тұрғанда, қағаз бен қалам қолыма.
Осы жырымның тақырыбы – махаббат,
Махаббат жыр боп, жазыла берер созыла.

Махаббат жыры келіп те қалды шегіне,
Шек қоям енді, алдамшы бір сезімге.
Қош көктемім, қайта айналып оралма !
Оралсаңда, ұрындыршы, шынайы бір сезімге.
 
Аймухамбет Айдынғали 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 993 | Рейтинг: 0.0/0