Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Бақытты Гүлге
Бүгінде бір ой мазамды алып жүр әлі,
Өмірдің қалқам өзіңсіз кірмейді сәні.
Сен кетсең егер студент болып жыраққа,
Көне алам ба екен қаталдау осы сынаққа..?

Болмасаң егер жаным-ау менің жанымда,
Кететіндей айналып өмір сағымға.
«Кетемін десең» бақытты іздеп өзгеден,
Бақытты бол, және де мені сағынба..!

Сағынба мені, қиналма және қинама,
Мендегі нәзік жүрекке жара сыйлама.
Сыйлады бірақ, жайнаған жаз кеп жараны,
Қайдам енді, қалай ғана қара күз келіп жазады...

Мейлі жара мендегі жазылмасын,
Жүрекпен саған жазған жырым қалсын.
Бұл өмірден суынған сәттеріңде,
Жырымды оқып жаным-ау жылынарсың.
Өмірден өшіп бара жатсаң егер,
Жырымды оқып қайтадан жалындарсың..!
 
Аймухамбет Айдынғали 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 728 | Рейтинг: 0.0/0