Екі жүрек
Көрсем сені елжірейді жүрегім, Тағдыр неге қатал болды білмедім. Сүйем сені деген сөзді айта алмай, Қиналады әлі күнге жүрегім. Кеудедегі намыс қой жібермейтін, Іштей тынып қана сүйем дейтін. Қыз дегенің намысшыл ғой қайтейін, Қайда жүрсең аман бол деп тілейін. Жүрегмді жараладың сен менің, Ойларыңды біле алмадым мен сенің Тек,анық бір нәрсені білетінім, Мен сені шын жүректен сүйетінім. Ұмыт дейцсің,түсінбейсің сен мені, Махаббат неге осынша күрделі? Жаным-ау! сені ойлап жүргенімді, Қалай ғана жеткіземін мен енді. Сүйем деп, іштей тынып қайталаймын, Кездескенде бірақ мен айталмаймын. Менің, саған деген ыстық махаббатым, Жүрегімнен үлкен орын алатын. Өтті міне,зулап төрт жыл алдағы, Тағдыр бізге бір болуды жазбады. Жүрмейік, қояйық деп айтып, Екі жүрек бірін-бірі алдады. Айгерім
| |
Просмотров: 833 | |