Сен мені пайдаландың
Мен сені білуші едім... Сен дағы білуші едің... Рахатың жылатып жүру сенің... Айдынға оралмаған аққудай боп, Қол бұлғап қиырлардан тұрушы едің... Тұрғызып тәтті ұйқымнан түндерімде, Оңаша сайраныңды құрушы едің... Сен мені сүймесіңді сезінсем де, Мұңымды іште сақтап жүруші едім. Қусаңда қасқайып тұрушы едім. Ұрыссаң да назданып күлуші едім. Сырласып қайыңменен қаларымды, Мойындамасам да, білуші едім. Сезіміміз мәңгілік шарпымасын, Сен дағы білуші едің... Мен бәрін білуші едім... Сен мені білетін ең... Қорғар ем, «қаладағы жел өтінен». Қайтара алмай қапалы тілегіңді, Ал қызылға бояр ем гүл өңіңді. Нөсерге малындырмай көктем күні, Шатыр қып құшақтар ем, білегімді. Қиналып жүргеніңді көзден оқып, Күн ұзаққа тасушы ем керегіңді. Осы қазір жаныңнан оралсам да, Сағынар ем, естісем дерегіңді. Сен жүретін жолдардың барлығына, «Құласа...» деп төседім жүрегімді. Себебі, қыз ғұмырды білуші едім... Сондықтан алып-ұшып жүруші едім... Жәй ғана «сүйе алатын шығармын» - Деген оймен жүруші едің. Бірақ сен, сүйе алмасыңды білуші едің... Мен сені білуші едім... Бірақ, сезбеуші едім... Сен мені білуші едің... Адал едім сезімге, Тұрушы едім сөзімде... Әр кездесуге шақырғаныңда, Қиналып тұрушы едім... Сабылып мені іздегеніңде, Мен бұғушы едім... Қаладан құрушы едім... Тұрсам да жауап күтіп шынымды айтып, Түңілдіріп кетуші ең, мұңыңды айтып... «Алмақтың да салмағы» барын біліп, Күтумен қалмай сенен жүруші едім... Көмейдің напәқасынан жырушы едім... Әттең, бәрі өткеннің еншісінде кетті! Өкінішті... бірақ, бірақ, Сені білем дегенмен шын мәнінде - Сен менің қандайымды білгеніңмен, Ондай жан екеніңді білмеуші едім... Сен мені пайдаландың...! Нұрлан ИСА
| |
Просмотров: 785 | |