Менің өмірім
Жаралымын мен бүгін жаралымын, Келді бүгін басыма қаралы мұң. Күшімде жоқ әлсіреп кетіп барам, Қайда менің керемет даралығым. Көре алмадым өзімнен даралықты, Естімедім керемет жаңалықты. Бүл махаббат ақылымнан адастырды, Тастамаппын әліде балалықты. Келемін мен сүрініп жығыламын, Қашан енді махаббатсыз жылынамын. Қорланып қорқып қалдым махаббаттан. Көрсем болды қашқақтап тығыламын. Төзе алмадым дәл осындай қатал мұңға, Жыламай үнсіз бір түн жаталдымба. Қарсы шығып махаббатпен күреспедім, Өйткені жүрегім жоқ бата алдымба. Ешкімнен кешірім де сұрамадым, Өйткені жалғыз жасап тұраладым. Махаббаттан көкірегім басымырақ, Сол үшін жалғызбын деп жыламадым. Жыламадым жалғызбын деп жыламадым, Болар Аллаһ сеніңде сынағаның. Жетер енді сынақтан өткіз мені, Жетер енді сүрініп құлағаным. Имедім басымды адам баласына, Қалдым ба махаббаттың наласына. Жаралы жүрегімді жараладың, Тағы қостың жараның жарасына. Қорландым естімеген сөзімде жоқ, Шыдай-шыдай енді менде төзім де жоқ. Жетер енді осының барлығы да, Енді менің көретін көзімде жоқ. Өтірікші мен байғұс атандым ба, Осы сөзді естіп мен жаталдым ба. Көрер едім орнымда болғаныңда, Шыдай да алмайм енді мен қатал мұңға. Ей ! Жаралы жүрегім жыламағын, Жыламасай десемде шыдамадың. Ұмытылар бәрі де ұмытылар, Шыда менің жүрегім шыда жаным. Дінмұхамед Есжанов
| |
Просмотров: 810 | |