Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Махаббат қарамады
Арманым алысқа алып барар әлі,
Өтеліп маңдай термен табан ақы...!
Махаббаттан емес қой асқақтасам,
Тағдыр мені жырыммен бағалады...

Махаббат бұл жолы да қарамады!
Тағдырым мені ессіз табалады!
Отыз күн құрақ ұшқан махаббатың,
Он бес күн сағынуға жарамады... 

Арманның жанды өртеп барар лебі,
Үмітті аласартпа, Жанар, тегі!
Жапандағы жалғыздық қайың-ғұмыр,
Тағдырыма айналып қалар ма, еді?!

Күнге көзім түссе егер, жаңа батқан,
Күзді ойласам арманда бара жатқан,
Жүрегін арулардың жырмен емдеп,
Тапқым келер қуаныш махаббаттан...

Ерте тудым сондықтан ерте өлемін!
Мәңгі жасай береді өрт өлеңім!
«Сен үшін өз бағамды алмағанмен,
Ел үшін аянбастан тер төгемін...!»
 
Нұрлан ИСА 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 715 | Рейтинг: 0.0/0