Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Ақ құсым
Сезімімді сезесіңбе
Жаһанды бір менімен кезесің бе
Жоқ алде қабылдамай жүрегімді
Аяусыз батпаттаумен езесің бе?!

Сезісің сезімімді 
Сезем мен де
Жоқ десең мұныңа да төзер кеуде
Арбаумен менен сені қашыра ма
Қызғанған кейбір пасық көсеулер де

Сені ойлап
Жасым тамар жанарымнан
Мұңымнан жаным сенің хабарың бар
Гүлім-ау жүрегіңді ашшы маған
Саған беріп, өзіңнен аларым бар

Жүректі есіміңмен бастағансың
Сезімім тек өзіңмен жастанар шын
Мені де сүйетінің белгілі ғой
Ақиқат бетегеден тастамасың

Бір болсақ 
Сертім саған - жарасармыз
Бақыттың бақшасынан әрі асармыз
Өтерміз ғұмыр бойы сыйласумен
Көнілге кірбің шалмай, қарасармыз

Сезіміміз бір арнаға кұйылсын
Сені сүю маған берген сыйым шын
Гұмыр бойы мәңгі сендік жүрегім
Сол жүрегім тек өзіне бұйырсын!!!
 
Қайрат 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 790 | Рейтинг: 0.0/0