Көңіл шері
Соңынан ілесе алмай көш-кеменің, Көңіл-күйім болмады кеште менің. Қызғандырдың, қызықты қудаладың, Соншалық қиналардай не істеп едім?.. Көніп келем тағдырдың түйреуінде, Ауыса алмай қуаныш күйге мүлде. Көңіліңді түсірместен «ғашығым» деп, Бар кінәм өліп-өшіп сүйгенім бе? Онымен қол ұстасып тұрсың таңда... Түсінбедім, тұңғиық сыршыл жанға. Барлығын да көзіммен көрдім жаңа, Не істеймін, өзіңе құлшынғанда?!... Жас кезде жөйткіген, жалындаған, Жүрсін деп айттым бәрін жанымда аман. Ойының бұзықтығын білем, анық, Олардың мақсаттары мәлім маған... Махаббаттың маздаған күшін білем, Өзіңді бақытты ету үшін жүр ем! Мендегі адал ойды, пәк сезімді, Білмеймін, қалай саған түсіндірем?!... Нұрлан ИСА
| |
Просмотров: 772 | |