Шын сүйген екем
Тұнғиық қара көзіңнен, Жан сұлуын сездім мен. Күні түні ойлап сені деп, От боп лаулап күйдім мен. Деушеді тең теңімен, Ойлапта көрдім кеңінен. Кіршіксіз нәзік сезімнің, Теңі емес едім мен. Қорғанып көрдім өзімнен, Болмаса керек жөнімен. Қалайша енді шегінем, Шын сүйгем екен сені мен. Сен Аққу құс көлдегі, Мен Қаршыға шөлдегі. Тегі құстар болсада, Ұшалмас олар бір енді. Сүріне жаздап үмітім, Тағдырда қанша түңілдім. Маған ұқсас болма деп, Бақытты саған тіледім. Түсіндеп несін өтінем, Сезімде өскен гүлім ең. Өкініп жүрмін себебі, Шын сүйген екем сені мен. Бахытжан
| |
Просмотров: 874 | |