Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Бір үзік арман!
«Бақытым» деп аяладым өзіңді,
Бал-бұл жанған, нұрлы, әсем жүзіңді.
Отау тіктік, бізде отбасы атандық,
Кейінгіге көрсетейік, бір тәп-тәуір біз үлгі.

Жанұя болу оңай емес, білесің оны жарығым,
Біреуге қатал, біреуге жұмсақ, білесің өмір тағдырын.
Сындардан сынбай, жұбымыз жарасып әрдайым,
Жетелеп бірге жүрмесек егер, білесің шықпас жалғыз үн.

Ата-ананы құрметтей білу «міндет» деп санап,
Іні-бауырдың қалықтауына болып бір қанат.
Өніп-өсейік, межелеп «бақыт ғұмырды»
Қол ұстасып өтейік мәңгі биікке қарап.

Бала сүю, әрбір жанға қуаныш, күлкі-шаттыққой,
Немере сүю, анам-әкеме Алла берген бақытқой.
Бұл дүниеде бұдан асқан не бар шіркін, мен үшін,
Ата-әжем сүйіп жатса шөбересін, үлкен той!
 
Олжас Малбасов 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 989 | Рейтинг: 0.0/0