Ештеңем жоқ сенен басқа
Қанатым жоқ ұшып саған барар едім, Көк аспаннан қйыла қарар едім. Жылуым жоқ құшағыма алар болсам, Немесе от сйяқты жанар едім. Көзім де жоқ бейнеңді бір көрер едім, Жаным да жоқ сен үшін мен өлер едім. Жүректе жоқ сен үшін бір соғатындай, Немесе жүрегімді берер едім. Аузым да жоқ сөйлесем деп армандаймын, Жалғыз өзім бұл өмірде қалғандаймын. Қолым да жоқ денеңді ұстар едім, Жансыз мүсін, меңіреу болғандаймын. Аяқта жоқ саған қарап жүрер едім, Жүзім де жоқ саған қарап күлер едім. Миым да жоқ бір нәрсені ойлайтындай, Немесе бір нәрсені білер едім. Мұрным да жоқ иісіңді бір иіскеитіндеи, Тісім де жоқ ерніңді бір тістеитіндеи. Ешкімім жоқ жанымда пана болар, Жәрдем беріп сөз айтып күштеитіндеи. Бауыр да жоқ бауырыма алар едім, Саусақта жоқ мен саған хат жазар едім. Қанда шықпайт денемді тілер болсам, Өз-өзімді жансыз адам санар едім. Жаста шықпайт көзімнен, жылар едім, Күшім де жоқ биік шыңға шығар едім. Жансыз шыны болып та жаралмадым, Немесе күл талқан боп сынар едім. Тілім де жоқ дәміңді бір сезер едім, Сезім де жоқ сезімімді берер едім. Құлақта жоқ үніңді бір еститіндеи, Сенде осылай болғаныңда көрер едім. Барлық нәрсем семен бірге кетті ме, Бұл өмірде сенсіз күнім өтті ме, Қайтар жаным Нұргүлім қайтар бәрін, Айтқан сөзім құлағыңа жетті ме. Ешбір нәрсем қалмады менің денемде, Амалым жоқ осығанда көнемде. Ойлай-ойлай ой түбіне жете алмай, Уақыт өтіп бір күні де өлем де. Дінмұхамед Есжанов
| |
Просмотров: 810 | |