Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Құрметке лайықты
Мөп-мөлдір жанарынан нұр атылып,
Алыстарға көз тастап тұрады үміт!
Аң екеш аң да жарын мәпелейді,
Алма ағаштай бүр жарған бұратылып...

Баяуламас екпіні түзде қарыс,
Болашаққа көз тастар «біз» деп алыс.
Анадан бәріміз де жаралған соң,
Аруларды құрметтеу бізге парыз!

Бас тігер мәңгілік жар, ашынаға,
Жырға қоспай құмарың басыла ма?
Бойда қуат бар кезде қадірлейік,
Өйткені, қыз-болашақ, асыл ана!
 
Нұрлан Исаев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 741 | Рейтинг: 0.0/0