Өзім жайлы
Болғанмен затым-қымбат, жеңіл-тұзым, Сүйемін бір адамдай өмірді, шын. Жастығымды желкен қып, жыр оқимын, Қияға қалықтатып көңіл құсын. Түсінем бе, өмірдің тылсымдарын, Басып өте алам ба, жыр сындарын. Аттандап алға қарай талпынғанда, Әлсіреп, неге еріксіз тұрсың халім... Шау тартпа, беу, шабытым, лапылдағын, Жырыңа иіп, жырқұмар жатыр маңың. Қызғалдақтай сыланған сұлулардың, Сұлуынан іздейді ақын бағын... Затым-ақын болғанмен көңілім – бос, Ілгерілеп барады көбінен көш... Жырларым махаббатқа бағдар болса, Өтпегені деп білем, өмірім бос... Жалын құшақ жастанған жиырма жаста, Болмастай етек-жеңді жинамасқа... Жас-кәріңе мен теңдей күрес ашам, Махаббатты айналса сыйламасқа... Нұрлан Исаев
| |
Просмотров: 845 | |