Махаббатқа
Мейлі, маған мойын бұрма, мазақта, Мейлі, мені қалауыңша азапта, Бірақ, сенен өтінерім махаббат, Түндерімді айналдырма тозаққа... Мейлі, маған қарама да менсінбе, Сезімімді шыңға өрлетпе, жерсін де, Тынышымды алма, тұмшалаған түндерде, Басқа барым мына сенің еншіңде... Сен келгелі атпады таңым күліп, Жатқан жоқ жалыныңа жаным жылып. Бір сәтке мен өзіңнен безер едім, Жаратпаса өзіңе табындырып... Ұнамасам, тағар екем кімге мін, Қызғаныштан құса болған түндерім. Тастап кеткім кеп тұрады қызықты, Датымды айтып махаббаттың дүрмегін... Алғашқы қадамды да бір басып ек, Жазамын қызығыңды жырда тілеп. Жақсы еді бергенің тұрақтылық. Күнде-күнде келгенің бір қасірет! Нұрлан Исаев
| |
Просмотров: 787 | |