Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Суббота, 21.06.2025

Шыда, Жүрек!
Шыда, жүрек! Жолығар әлі-ақ, бағың,
...Дайын болсын қаперде жарақтарың...
Дос таппаған өмірде дұшпан артқан,
Жүректік құндылықты жаратпағын!
Жазған жырдан сабақ қыл, парақтағын!

Шыда, жүрек! Сәл ғана шыдай түскін.
Өмірге де осыңмен ұнай түскін.
Жүректер айқасады әлі талай,
Мәселесі біткен жоқ бұл айтыстың...
Сыр шертіп жырларыңмен замандасқа,
Оқырманға көрсеткін шырайлы ұсқын!

Шыда, жүрек! Табылар іздегенің.
Әлі-ақ, мұздай ериді күз дегенің...
Сен – Жүрексің, Мен – Адам.
Бір-бірімізге қажетпіз өлмеу үшін!
Жұп болып жаратылдық! 
Егізбіз біз дегенің!
Шын жүректен жырыңды тізбелегін!
 
Нұрлан Исаев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 773 | Рейтинг: 0.0/0