Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Мұң
Келемін көп құлап та, көп жылап та,
Көңілімді аулаймын деп көк құрақта.
Батыраштар жанымда жүргенімен,
Шын сенетін достарым жоқ, бірақ та...

Жерден алып, өзімді жерге салып,
Күн кешсем де болар ед, елде қалып.
Тыныштығын жүректің таба алмадым,
Жалғыз ғұмыр Жаратқан бергені анық...

Күнәларым көп менің...кінәларым,
Біреулерге шынымен ұнамадым.
Ағаттықты айламен жасасам да,
Еш пендеден кешірім сұрамадым.

Сұрамадым, кешірім, сұрамадым,
Кей кездері өзімше «ғұламамын».
Өмір сен де бір сәтке тұралағын,
Мен де осында мәңгілік тұраладым.
Жүрегімді жырым бар, әзілім бар,
Осы болды еліме ұнағаным.
Ұнатпаса мен оған ренжімеспін,
Қалың елге Абай да ұнамадың!

Сездіреді сезімсіз қаралығын,
Бастан өтіп бейкүнә барады күн.
Жаралы жүректердің халін ұғам,
Себебі мен де бүгін жаралымын.
 
Нұрлан Исаев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 741 | Рейтинг: 0.0/0