Сыр
Сырым бар менің, көкірегімде сақталған, Мұңым бар менің, бұл күнге дейін жатталған, Мұның бар емін, Табамын қалай тәтті арман, Жырым бар менің, Түсінсең сезім-мақпалдан... Жанымды түсін, Сезімдеріне өкінген, Жүрекке серттеп, Ғашық болмауға бекінген. Жырымды оқып, Өзіңше достар сабақ қыл, Сол кезде мүмкін, Өткен күніме өкінбен. Сол кезде мүмкін, Сезімдеріме өкінбен... Жырымды ұқсаң, Сағыныш-шерлі, қайғы-мұң, Жоғалтып алған, Сезім дейтұғын байлығын. Аралдың мұңы, Көңілге келіп қайтадан, Он бесте шалған, Сезім дейтұғын айдынын. Нұрлан Исаев
| |
Просмотров: 717 | |