Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Наз
Көңілді күз күйменен орасақ та,
Алмағайып жүректі тонасақ та,
Тірлікті тастап кетем ұрпағыма,
Шын махаббат таппастан болашаққа...

Меңдеп жатса жүрекке жараң салған,
Күрсінбедім, өйткені, налаңды алман.
Өзгенің құшағына сені тастап,
Сөкпегін ғайып болсам ғаламшардан...

Сыр ашпадық көп болды қайыңға анық,
Қоштасуды сынақ деп пайымдадық.
Кетіп бара жатқандай сыңайым бар,
Маһшар баққа мәңгілік дайындалып...

Сырмен бастап берейін әңгімені,
Әу, баста, көңілім саған салқын еді.
Иранбақта жалғасар өмірім бар,
Енді, жаным, көрмессің мәңгі мені...

Иранбақта шұғыла қарсы алумен,
Күн өткізем сағыныш ән салумен.
Сөйтем де, сені тапқан жер бетіне,
Көз жүгіртем қиялдап, тамсанумен.
 
Нұрлан Исаев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 760 | Рейтинг: 0.0/0