Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Ауылға сағыныш
Сағынам сені, сары дала,
Өзіңде түлеп ұшқанмын.
Егіз боп қалды жан ғана,
Жыраққа тәнім тысталдың...

Көгіңде түрлі сайраған,
Әнін естідім, құстардың.
Ажары гүлдей жайнаған,
Аруды сенде құшқанмын.

Сарғайып келді тағы күз,
Өзіңе мәңгі құштармын.
Туған жер аппақ сағыныш,
Сезімді әнмен ұштармын.

Қалаға кеткем жоқ іздеп,
Тіршілік болып бар ойым.
Қажысам көктем көк іздеп,
Кетпейсің естен Қаройым!

Өзіңде өткен бал қызық,
Өзіңде өткен бала шақ. 
Жүрегім шаншып, қан қызып,
Сағыныш кетті жара сап...

Тоналтып алдым ақымды,
Қаланың ғажап кеші-мұң.
Тудырған талай ақынды,
Ауылым-алтын бесігім!

Толқытсын жанды мол арман,
Тастаман тілді қылыштап.
Бейбарыс сынды оралған,
Ұлыңды қарсы ал, дұрыстап!
 
Нұрлан Исаев 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 849 | Рейтинг: 0.0/0