Шындығым
Келемін бала кезімнен, Бақытымды іздеп маһшардан. Өзіңе деген сезімнен, Жиырмада шашым ақ шалған. Атағым кетті асқақтап, Күйкішіл болған қауымға. Күн кешем жалғыз, жырақта, Оралғым келмей ауылға, Ағайын-туыс, бауырға. Жанымнан керім жыр бүркіп, Күн көріп, қанша түн түрдік. Достармен бұл күн ұзаған, Кезінде "достай" бір жүрдік. Жырақтап кеттім кейін мен, Себебі оның - күншілдік... Еленбей әлі жүргенмен, Атақты алдым азды-көп. Шын талантымды білгеннен, Көре алмай кетті "менен де Қымбат жыр мынау жазды деп"... Ызғар да ұрды бетті көп, Жастығым жалғыз өтті бек. Жүрмегенімен көк тіреп, Әрдайым шетке ысырды, «Біздерден өсіп кетті» деп... Осылай бәрі сұлуым. Отыруым менен тұруым... Қаталмын кейде, себебі, Аз көргем достық жылуын. Жалғыз боп жүріп сондықтан, Өлеңге мойын бұруым..! От көрсе құмар көбелек, Қайталмас бірақ, көре кеп! Достарым жайлы сұрама, Таныстырмайсың неге деп... Арайлым, жауһар, жаһұтым, Сенімен менің бақытым! Жалғыз-ақ, досым бар менің, Ол досым мәңгі - шабытым! Жасындай жастық уақытым! Нұрлан Исаев
| |
Просмотров: 726 | |