Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Маһаббат ешқашан жасты талғамайды
Маһаббат ешқашан жасты талғамайды,
Шын сүйгендер бірін бірі алдамайды.
Мен сүйсем де сен сүймейсің,амал қанша
Сүйген жүрек өз сүйгенін қарғамайды.

Аялар едім жанымда болсаң мәңгілік,
Шырқап жүрем жыр көгінде ән қылып!
Тырыссам да өшіруге есіміңді жүректен
Әрқашанда атың сенің тұрады өшпей жаңғырып!

Уақыт емші,бұл махаббат өтер,кетер,
Ұмытпасам да жүректе сезім өшер…
Табармын бәлкім бақытымды өзге жаннан
Саған деген махаббат пен жалын сөнер…

Мен сүйсем де сен сүйе алмайсың,түсінем,
Жарты жүректе махаббаттың күші кем.
Жауапсыз менің тасжүрек махаббатым,
Әр күн сайын сені ойлаумен күрсінем…
 
Нұрсұлтан
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 792 | Рейтинг: 0.0/0