Сені көрдім
Сені көрдім, тағы да алаңдадым, Сені көрдім, айтарға сөз таба алмадым. Сені көрдім, көрмейінші десем де, Сені көрдім, бірақ сен қарамадың. Сені көрдім, бір топ қыздың ішінен, Сен көзіме шоқтай болып түсіп ең. Айдай сұлу жанарыңды жасырмай, Сұқтанғанымда сұлу бетіңді, төмен қарай түсірмең. Сені көрдім емхана дәлізінде, Тұрғандайын есі кетіп бәрі бізге. Есім шығып жаныңа бара алмадым, Қайтейін... Кете бардық жөнімізге. Сені көрдім, сен сұлусың, дарасың, Жүрегімнен ерекше орын аласың. Көрініп ем, қарамасаң қарама ! Сен жадымда, мәңгі есімде қаласың. Аймухамбет Айдынғали
| |
Просмотров: 901 | |