Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Өмiрде сан тарапты сынақ белiн
Өмiрде сан тарапты сынақ белiн,
Қайран көңiл, қуаныш сұраушы едiң,
Сенiмен танысқалы асыл-айым
Сол сәттен, сен маған ұнаушы едiң!
... бұрын ұнаушы едiң!

Ал, қазiр уақыт өттi,
Келетiнi келiп, кететiнi кеттi.
Сезiм жайлы фильм соңына жеттi.

Айлар алмасты,
Жылдар жалғасты,
Сезiмдi қарбасты.

Тағдыр ғой...
Қайтемiн?
Көңілде қайғы-мұң,
Кезбедiк айлы түн.

Қаламадың,
Бағына баламадын,
Басқа ғой қалағаның.

Тағдыр қоспады,
Бақыт тоспады,
Көңiл босады.

Қош бол, бағым!
Келер шағын,
Бақытқа бөлесiн
Сүйген жарын!
 
Орынтайдың Нұржаны 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 767 | Рейтинг: 0.0/0