Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Сүйдiм сенi, сәулем жолдан менi жанылтпа
Сүйдiм сенi, сәулем жолдан менi жанылтпа,
Өткенменен аз уақыт, алдым сенi таныпта.
Сүймесен сен, сүймей-ақ, қой, өз еркiн
Бiрақ қалқам, жiгiттерге тәкапарлық танытпа!

«Жоқ» дегенде өкiнермiн бiр күн, мүмкiн бiр апта.
Қайта саған жолықпаспын, жолықпаймын бiрақта.
Қалағанын басқа сенiң, ұнамаған шығармын
Жетпегенiм, жолында махаббаттык мұратқа!

Сүйдiм сенi, сүйе бiлдiм жұдырықтай жүрекпен.
Бiрге болсақ, сенiмге толы сезiм атты тiлекпен!
Арманы болып жүрсемде талай сан қыздың,
Тандағаным, қалағаным қалқам болып едiң сен!

Тәкапарлық танытасын сеннен басқа жоқтай қыз,
Қинағанда жiгiттердi, жаналмаған оттаймыз!
Есте сакта, көп әйелдiң, көп сұлудың бiрiсiн.
Аспандағы асқақтаған емессiн сен, ай-жұлдыз.

Өмiрдiң талай-талай сан бұрылар арнасы,
Қиналғанда жiгiттердiң мұңға толы әр жасы.
Бұл өмiрде, жүргенiң, сенiң күлгенiң
Бiле бiлсең ер-азамат, әкелердiң арқасы!

Қарапайым болу, қазақ қызына тән қылық.
Көрсетедi ол инабатты, ибалы пәк қылып!
Көп асқанға-бiр тосқан, менненде мықты жолығар
Сананның сандығына сақтап ал соны мәңгiлiк!

Айналайын, тәкапар болған, жәудiрiм.
Байқаймайсын махаббат-тәттi барды мұң.
Өкiнерсiн өткеннен соң, ал қазiр
Бiлмей жүрсiн, қолдағы алтын қадiрiн!

Санамдағы сансыз оймен кеңестiм,
Кинаған жанды, тәкапар- елессiн.
Ойласан егер, жербетiнде жалғызбын
Қате мұның, 
… Жаһандағы жалғыз ару емессiн!

Бiлемiн махаббатта шамым сөнбесiн,
Қара бұлт келiп аспаныма төнбесiн
Аллаға тәубе, қазағымда сұлу көп
Хақ Тәңiрiм соларды көпсiнбесiн!

Солардың бiрi махаббатта жолығар,
Еридi сонда жүректегi қар, мұздар.
Аттанармын болашаққа бiр қызбен
Бақытты болуға, менiнде хақым бар!

Өкiнерсiн, жыларсын...
Мені еске аларсын!
Қайта келмес осы күн
Бармақ тістеп қаларсын.
 
Орынтайдың Нұржаны 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 1036 | Рейтинг: 0.0/0