Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Тәтті ұйқымда түсіме кіріп едің
Қуансам егер, күліп таным ататын,
Қиналсам егер, күңіреніп түн бататын.
Періштелер ұйқымды ұрлап әр түні
Көбеді түндер,
… ұйқысыз менде жататын.

Білгенменен бұл дүниенің жалғаның,
Арманыма тағы арман жалғадым.
Сені ойлап, қиял аққу құсымды
Мен сол түні, 
Қатты шаршап ұйықтап қалғанмын.

Жеті айналып келгендей жердің бетін,
Мен сүйетін, сен сұлу елік пе едің?
Түн ұйқымды төрт бөліп айлы түнде
Тәтті ұйқымда түсіме кіріп едің.

Болғанымен жүрегім, мінез қатты,
Сыйқырлы түс, ұмытпаймын сол бір сәтті.
Ұнаған маған, мінезін, сөзін, қылығын
Рас екен-ау, "қыз қылығымен,- деген, тәтті”

Өмірімнің өрнегінде өлен өрдім,
Алыс емес ауылы жұмақ төрдің.
"Ғашықтар тірісінде жұмақ көрер”
Сенімен мендағы жұмақ көрдім.

Аз уақытқа сыйған менің қызығым,
Сезіндім асыл-маржан үзігін,
Оянып кетіп, таппады түс жалғасын
Жанарды жұмып, көрсем дедім қалқа жүзінің…

Тәтті түсім, жадымда мәңгі жүресін,
Қиялдарым жалғастырған күресін.
Қуаныш сыйлап, сәл уақыт болсада
Қуанышым қайта қашан кіресін???
 
Орынтайдың Нұржаны 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 862 | Рейтинг: 0.0/0