Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Жалындап жанып жатқан жас жүрегім
Жалындап жанып жатқан жас жүрегім,
Іздеп жүріп шынайы шын серігін.
Тапқандай кеше ғана өз керегін,
Сүрінсе демеу болар нық тірегін.

Қараңғы қара орманда жүргенімде,
Шырмалып шықпасыма көнгенімде.
Бір сәуле алыс жақтан көріндіде, 
Бойда бір ғажап сезім биледі де.

Сол сәуле қазір жақын көрінеді,
Жүректе бір жылулық сезіледі.
Қара ызғар суыт желдің ықпалынан, 
Біртіндеп шыққанымда білінеді.

Түкпірде сол сезімді тудыра білген,
Жүзі еді ару қыздың күлімдеген.
Кездессем тура қарап айта алам ба?,
Үш сөзді "ЖАНЫМ СЕНІ СҮЙЕМ" деген!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 854 | Рейтинг: 0.0/0