Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Сен мені іздемегін
Сен мені іздемегін,
Жағдайын білмей-ақ, қой мұз дененің,
Шақырсанда ендігі 
Демеймін, мен саған жүз келемін.

Махаббаттың әлемінде.
Козырь едің…
Бақытты қылуға тек сені
Әзір едім.
Мен кеткен соң, 
Әлденені іздемегін.
Маңдайына жазғаны осы болса
Қарсы шықпа,
Тағдырдына төз дер едім,
Алдамадым, 
Мен сені арбамадым,
Мен емес, құр босқа сөз беретін.
Армандадым,
Кештерде, оным рас,
Жалғанда сен едің көздегенім.

Жаным менің,
Сезгендей Күз келетінің.
Әнім едің,
Қинады,үмітінді үз дегенің,
Бағын едім,
Қайтармайды, "бақытым-сіз…” дегенің
Жолым менің,
Енді бөлек, бақытым менің басқада,
Өкінерсін,
Қинайды, қадірімді білмегенің.
Жалын едің,
Жақындасан жан күйер, от-қыз дегенін.

Сен мені іздемегін,
Жағдайын білмей-ақ, қой мұз дененің,
Шақырсанда ендігі 
Демеймін, мен саған жүз келемін.
 
Орынтайдың Нұржаны 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 819 | Рейтинг: 0.0/0