Разы бол
Сәтсіз сүюді берсе өмірге, Өтінем налымаңдар Шақсыз жанды қосса көңілге Оны да қабылаңдар Бұл фаниде тағдыр берді Қашсаң да құтылмайсың Сыр кешуге бағдар берді Сенсең мүмкін ұтылмайсың Біздің тағдыр түсіп қойған О,бастан – ақ Ата Адамнан Жауратар арыл,үсікті ойдан Тағдыр ол тайсаң қадамнан Қайырлы деп біл,әр сәтіңді Мұңды да болса қаншама Қиындықтың әр сәтіне Беріліп қатты шаршама Бұл әлемге келдік біз Тәтті ащы аралас Шын сенімге кемдікпіз Әрине ешкім қаламас Дайырбек Әшірбеков
| |
Просмотров: 1325 | |