Ренішім бар
Ренішім бар өзіңе айтылмаған, Қайтты деп айтқанменен қайтылмаған. Түсінбеймін неге сенің ашуың көп, Неге жиі ренжисін айтшы маған. Түсіндірсем жағдайларды түсінбейсін. Ауыр болар сөздер айтып дүрсілдейсін. Ашу ыза ренішіңді қоя тұрып, Ең алдымен бәрін де түсінгейсін. Бүгін тағы байқадым ашуыңды, Айқайлап тасып тұрған тасуыңды. Тағы да ауыр сөздер естіп қалдым, Мінезің қандай еді адуынды. Мен сенімен бақытты бола алмаймын, Көріп тұрған көзімді таңа алмаймын. Сезесің бе ұшып барам қолыңнан, Кешір мені қайтадан қона алмаймын, Кешір мені бақытың бола алмаймын. Aidana Berikbaeva
| |
Просмотров: 789 | |