Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Бір өзіңдей сүйген жан жоққой мен де
Бір өзіңдей сүйген жан жоққой мен де
Сенсіз өткен күндерім бос кеткен бе
Осындайда ойға мен келдім бір кез
Қарадымда мөлдіреген көздеріңе
Жоққой менде арамдық саған деген
Махаббатсыз өмірім қараң екен
Өлеңімді бір өзің қабыл алсаң
Қашан ғана армансыз болар екем
Қалам алып хат жаздым мен сүйген жарым
Жалғыз сен ғой бойымдағы шыбын жаным
Өлеңімді бір өзің қабыл алсаң
Бостан босқа өлең жазып неқыламын
Көп қана өлең жаздым қарамадың
Өлеңімнен еш бір пайда таба алмадым
Тас жүрек емессің ғой білем жаным
Қиналдырып соншама неқылғаның
Жалғыз жазып жол бойы келемін мен
Келе жатып жылай-жылай беремін мен
Жыламашы сырласайық деп маған
Сүйгенімнің келмейтінін білемін мен
Сүйемдеші ол сөзіңе сенейін
Күтем деші ол сөзіңе көнейін
Кешір жаным кеш қалыппын арманым
Білмеппін мен махаббаттың алдарын
Қыз кезінде бәріде жарасады
Ошағына қайткенде де таласады
Айтшы жаным қой күнде қай сағатта
Тура жолда бикештерің адасады
Сәби едім бұл күнде құмдақталған
Қыранмын мен бүл күнде қамауға алған
Өлең деген әрқашан қымбат маған
Үнсіздік мұхитына бара жатқан
Қиындардың қаршығасын ала қашқан
Өлең сөздің патшасы Абай деген
Әнші болу арманым бала жастан                                                                                                                                                            
 
Зарина Керим 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 894 | Рейтинг: 0.0/0