Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

А. Г-ға
Сені сүйдім,
Сүйіктім демесем де,
Елемей өтесіің ғой елесең де.
Көрмейсің көргің келіп тұрса да әлде,
Білмеймін саған сірә теңесем бе?!
-
Сені сүйдім,
Балауса балдан тәтті арай реңі,
Бұл сезімнің таусылар қалай демі?!
Сені сүйдім сүйкімдім сүйе бердім,
Қарғап-қарғап өтсең де талай мені!
-
Сені сүйдім,
Жесем де сор сезімнен жылдап таяқ,
Жүрегімді ақылға тыңдатпай-ақ.
Мейлі ақымақ десең де көндім оған,
Өйткені, сүйген едім тіл қатпай-ақ!
-
Сені сүйдім,
Жаныңа кісен салып құрыққа іліп,
Жүрмесең де бір қарап жылып күліп.
Мен сені сүйген едім, сүйген едім,
Мені ешқашан сүймесіңді біліп тұрып!
-
Сені сүйдім,
Мұң шағып қара нөсер кештің селі,
Көз жасым нөсерлетіп кеш түседі.
Сені сүйдім білесің бе енді ешқашан,
Дәл бұлай сүйе алмайды ешкім сені!..
 
Dastan 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 733 | Рейтинг: 0.0/0