«Қоштасып тұрмыз»
Түн... Жезқазған... Қоштасып тұрмыз, күнім, Автобекет куәгер бәріне де.. Мына менің жүрегім жылауда үнсіз, Қимастықтың қалғаны-ау, сірә, менде... Мұң қосып тұр мағанда, сағанда – Түн, Күрсінуде Жезқазған сырымды ұғып.. Сағат тілі жылжымай қоя тұршы, Кетейін құлың болып... Уақыт бізді бөлуге құштар-ақ тым, Секундтарда зулайды кідірместен... Құшағымда сен үнсіз жылап тұрсың, Көзден аққан жасыңды білдірместен.... Жүрегіңмен, жүрегім өбісуде, Минут біткен зырлайды ұшып алға... Құшағымда сен менің тұра берші, Сезім толы кеудеңе қысып ал да... Ей, автобус сәл ғана кідіре тұр, Жүргізушім кетуге асықпашы... Бақытымды қия алмай тұрған сәтте, Кетеміз деп, жанымды жасытпашы... Автобустың естілді азалы үні, Уақыт мініп алған ба Құлагерді? Бекет жақтан үздіксіз жасын сүртіп, Менің жаным қол бұлғап тұра берді.... Тұра берді сүйіктім қолын бұлғап, Мен осылай дәрменсіз күйде қалам.... Көздеріңнен үзілген тамшы сынды, Менде өзіңнен алысқа кетіп барам.... Өміржанов Дархан
| |
Просмотров: 791 | |