Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Түсінбедім
Түсінбедім түсінбедім жүрегімді
Сені сүймес немесе сүйерімді.
Сенсіз бір сәт, бір минут, бір секунд та
Қайда барып, қай жерде жүрерімді.

Түсінбедім не жылап, не күлерімді,
Өмір сүрмес немесе сүрерімді.
Сені сүйіп қалдым ба ұнаттым ба?
Түсінбедім мың құбылған жүрегімді.

Кейде саған еш сезімім жоқ секілді,
Ал кейде алға ұмтылған оқ секілді,
Кей-кезде сенің, менің жүрегіміз
Теріс және оң зарядты ток секілді.

Өмір ғой, махаббат қой, күрсінбедім,
Не болса да тек сен жүрегім үшін дедім.
Түсінбедім мың құбылған жүрегімді,
Уақыт емші бәрін де түсінермін.
 
Айдана Берікбаева 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (01.01.2014)
Просмотров: 847 | Рейтинг: 5.0/1