Әдемі қыз, жанары-жаз, әрі-нұр
Әдемі қыз, жанары-жаз, әрі-нұр, Ұйқы қашып, ұйқас тіздім тағы бір. Сағыныш па, "сабырсыздың" хәлі бұл?! Уақыт-демеу, сенген ескі, Жүрегімді емдемекші... Ұмыта алман бәрібір... Уақыт, шіркін түзесін де өз көшін, Жырым қалсын, ілестірсін өзгесін. Көңілде мұң... Кеп жеткен бе кезбе-сұм?! Кірпікте шық, қалды кайдан Сыр бүккенсіп сәл мұңайған Мендік қоңыр көздесің... Дидарыңды сараң күндер қимасын, Тек сен жайлы мазасыз ой сыйласын. Шыдамымды шырғалаң шақ тыйғасын Сағыныштан сансыраған, Алып-ұшқан, сәл шыдаған Мендік қыңыр мидасың... Мейлі, бейнең түсіме де енбесін, Шаттығымды шақырымдар жеңгесін, Шамданайын тағдырыма мен несін?! Шын сыр осы... Түйіп өлең, Күрсінісі жиілеген Мендік ыстық демдесің... Сенсіз міне сансыз сарсаң күн өтті, Хәлімді күз тығырыққа тірепті, Жаураған жан сағынышын жыр етті... Жасырмадым сырым мүлдем, Асыл жаның, қылығыңмен Иемдендің жүректі... Ертелі-кеш есімді алсын елесің, Садағаң ғой жаным, тәнім, дем-есім, Бізді өзгелер бақытты да демесін. Бағындай бер әр ақ таңын, Жарылқай көр Жаратқаным Жүрегімнің егесін! Талап
| |
Просмотров: 852 | |