Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Мен сүйейін
Мен сүйейін кірсін өмір шырайы,
Мен сүйейін бар жаныммен шынайы.
Мен сүйейін, махаббатқа бөлейін,
Аласармас сезімің де ұдайы.

Мен сүйейін шуағыма шомдырып,
Мен сүйейін қанатыма қондырып.
Мен сүйейін кіршіксіз пәк сезіммен,
Жүрегіме ғашықтықтан толды үміт.

Мен сүйейін, 
Қуантайын мен сені,
Мен сүйейін көтергейсің еңсені.
Мен сүйейін менің үшін жаралсаң,
Махаббатпен ғана адам еңселі...
 
Бериван 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 788 | Рейтинг: 0.0/0