Сырласу
Қарағанды, қарсы алдын ғой суық тым, Жатырқатып тұрсын ба алде ұлыңды? Мұңдасымда сен едің ғой, кербезiм, Түсiне алмай тұрғаным-ай сырыңды.. Кең пейiлдiк танытпадың сен неге? Өз ұлыңды жатсынғаның қалай бұл? Сырласым-ау, сырың терең болғанмен, Мен әлi де мұңдасуды қалаймын.. Таныдын ғой.. Сезiп тұрмын, кербезiм, Сен өзгерiп, мен өзгермей қалыппын. Естисiң бе, сенен ұзап кеткелi, Арасында жүргендеймiн тамұқтың.. Сен қалайсың? Сезiм қалай сендегi? Мұңдарымды түсiнiп ең мендегi.. Бiлесiң бе, сенде қалған, сүйiктiм, Маған қайтып келмедi.. Қарағанды.. Көзiңдi ашшы.. Мүлгiме.. Өзге бiреу билемесiн санаңды.. Балқаш жақтан, мұң шағуға келiп тұр, Бауырыңа басшы кәне, балаңды.. Умиржанов Дархан
| |
Просмотров: 857 | |