Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Сүйгенi бiреу жүрегiмнiң ол сен дейдi
Сүйгенi бiреу жүрегiмнiң ол сен дейдi
Күлiмдейдi көздерiм сенi көрсем дейдi
Арманы бар асқақтаған Алатаудай
Қол ұстасып өзiнмен өтсем дейдi! 

Жығылсам кей сәттерде сен демеушiм
Құласам биiктерден сен жебеушiм 
Үмiтiмнiң үлкенi сенiмiм ғой 
Өзгелерден ерек ұстар сен теңеушiм!

Жаным сүйгенiм мақсатқа бiрге жетермiз
Жалғанда мынау талай асулардан өтермiз
Құлдилармыз,қуанармыз десекте
Қолтыктасып өмiрден мынау кетермiз.

Айыра көрмесiн АЛЛАдан жалғыз тiлерiм,
Бас аман болса талай нарсенi көрермiн,
Жанымнан тек сен, алыстамашы аяулым 
Сонда ғана мен,қамсыз өмiр сүрермiн!
 
Мейрамбек 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 822 | Рейтинг: 0.0/0