Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Сүйгеніме
Көңілде жалғыз жайқалған гүлім сен көркем.
Тербетіп көлді аққуым болған сен еркем.
Жұпарлы таңын көктемнің қарсы алып,
Бақытқа қарай жалғызым сені мен ертем.
Күн сайын сезім алаулап оттай жанады.
Болмысың сенің жүректі жаулап барады.
Жаула, жаным, жүрегімді қаласаң,
Сол жүректе есімің мәңгі қалады.
Баласам, сені балаймын бақытыма.
Қасымда жүрші, көрінбей сағындырма.
Молдіреп тұрған көздеріңе тоймаймын,
Асу да асу өмірімнен жалықтырма.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 733 | Рейтинг: 0.0/0