Қоштасу хаты
Алыстама жалғызым, жүрегімнен. Шығарып сал тілек айтып жүрегіңнен. Амал қанша, тағдырдың жазғаны ғой! Көрмесем де есіме алып жүремін мен. Кетіп барам алыс жолға сені қимай, Өзіңсіз қу дүниеге жалғыз сыймай. Жанымда емес, сенің орның жүрегімде, Жүрем енді сезім сырын ішіме жинай. Қимаймын көңілімді басқа жанға. Құдайым, жалғыздықты басқа салма. Не кінәм бар жүрек солай таңдаса? Осы қызды өміріме мәңгі жалға. Сөнбейді саған деген үміт шоғы. Болса да махаббаттың соқпақ жолы. Пенденің алыстағы арманына, Көреміз жететінін кімнің қолы. Жаным-ау, не болса да жыламашы. Сезімнің мұңды әнін жырламашы. Тыңдасаң жүрегіңнің үнін тыңда, Басқанын сорлы сөзін тыңдамашы. Атады біздің таң да арайланып. Бақшада көбелектер шыр айналып. Қарашы, жан,алыстан жете алмай, Біздің де бақытымыз жүр айналып. Ермек
| |
Просмотров: 1382 | |