Көзімді ашсам қарсы алады күліп таң
Көзімді ашсам қарсы алады күліп таң, Келбетімен тіршілікті қылып таң... Шуағымен шыңдалған ем, шыныққам, Ал, бүгінде бұла күйге булығып, Құба таңға мән беруді ұмытқам... Тартыншақтап аяқ басам түске Мен, Қию жоқ, үйлеспейді іс деген... Өз өкпесін өрнектейді іште өлең... Сағыныш кеп санамнан сыр ұрттайды, Ал, мен оның уын жұтып түстенем... Саған деген сезімімді еш қылып, Күн қонады ұясына кешкілік... Қала шулы, ажыратпас ес біліп, Шерге тойған күдігімді үркітіп Қалса екен сенің даусың естіліп... Сосын... құлқын, күлкі-сылқым, сауық... түн... Сауық түннен жиіркендім, жауықтым, Ауыр тартқан қабағыма ауып мұң, Ақ параққа сыр ақтарып түндерде Алданатын "жаман әдет" тауыппын... Арманымның алданышы, ажарлым Айтшы, осылай қанша өлең жазармын?! ... Сен үнсізсің, жауыбымды берді күз, Ішін тартты... Белгісіз-ау, белгісіз... Талап
| |
Просмотров: 778 | |