Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 03.04.2026

Махаббатыма
Махаббат киелі ғой,киелі ғой
Жүрегім бір өзіңді сүйеді ғой.
Өзіңсіз өткізген әр күнімде,
Аспаннан қара бұлттар төнеді ғой.

Жүректе жазылған жалғыз есім,
Жібектей сұлуым-ау жалғыз өзің.
Сезбеймін соққанын сол жүректің,
Болмасаң сен аруым жалғыз өзің.

Сүю деген өзіңді бір ғанибет,
Сыйлапты жаратқаным көркем келбет.
Махаббатым өзіңе жыр боп жетсін,
Сол сезіммен жүректі бір кеп тербет.

Айта берсем сұлуым өзің жайлы,
Жетпейді-ау күндер шіркін нұр арайлы.
Бір айтарым өзіңе махаббатым,
Бар асылы әлемнің,құлдығыңа жарайды.
 
Досхан Исламхан 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 823 | Рейтинг: 0.0/0