Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Бақытты күндер
Өмір өзі бір хикая.
Әр күнің бір серия.
Қуанып күліп, алданып
Өткіземіз жай ғана жымия.

Қайтып айналып келмейтін
Бақытты күндер қаншама?!
Қиналып әбден жалықсаңда
Өзіңді қажып шаршама

Балалық шақ, балдаурен
Келмейтін қайтіп, кім білген?!
Достармен әр кез шаттанып
Қандай жақсы бір жүрген

Тәй-тәй басып, қалтылдап
Өмірге қадам басамыз.
Тарыдай боп, кіріп мектепке
Әліппе бетін ашамыз.

Мәңгі есте қалатын
Мектеп өмірі - қызықты
Студенттік өмір жеткенде 
"Бақытты" болуға бәрі лайықты. 

Бақытты екен, балалық шақтың әр күні,
Бақытты екен, мектеп өмірінің білімі
Бақытты екен, алғашқы махаббат сезімі 
Бақытты екен, достармен өткен әр түні

Бақытты күндер, айналып келмес бір елес,
Уайымдап, соны сарғаю мүлдем керек емес.
Бақытты күндер, бақытты күндер, бақытты,
Өмірде өтер, тек қана бір белес.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 936 | Рейтинг: 0.0/0