Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Пятница, 20.06.2025

Сағындым сені
Сағындым сені,
Сағындым сені, аңсап бір.
Сағынышыммен көрісіп жатыр кәмшат қыр,
Көркіңді көріп қуаныш тауып жүрмін мен,
Жүрегім жалғыз өзің деп қана ән сап тұр.

Сағындым сені,
Сағынып жүрмін күнде мен.
Сағыныш деген таусылмас мәңгі гүл дәурен,
Сүйгенім сен боп мазалап жүрсің күні-түн,
Махаббат отқа түсем деп бұрын білмегем.

Сағындым сені,
Атқанда әсем таң күліп.
Бақ біткен гүлдеп тұрғанда әсем сән құрып,
Кездестім саған жүзің кеп көрдім нұр шуақ.,
Жанымда жүрші, бақытым сенсің мәңгілік!

"Нұргүлім"
Нұргүлім менің, Нұр-гүлім,
Өзіңе мәңгі табынамын.
Тағдырдың тауқыметін тартсам-дағы,
Сен барда қайғы мұңнан арыламын.

Нұргүлім менің, Нұр-гүлім,
Сен менің болашағым, тірлігімсің.
Сен жүрсең ылғи дәйім қасымда,
Орайын тауып жатыр әрбір ісім.

Нұргүлім менің, Нұр-гүлім,
Өзіңмен мәңгі сөнбес жарық айым.
Әрдайым еркелегн еркем менің,
Өзіңсің қуанышым, сағынарым.

"Тіге берем Бақытымның шатырын"
Жалғыздықтың құшағына ендің де,
Тағы да үнсіз қалғаның ба, Сен, мүлде?
Ызғарымен қарыса да қазан-ай,
Сағыныштың оты жанды ернімде.

Мұңның жүрек көтеріп бар салмағын,
Мен көзімді жұлдыздардан алмадым.
Сені жырға қоса берем
Әйтеуір,
Қалам алсам орындалардай арманым.

Бөлсе-дағы біздерді мың шақырым,
Бір тәтті шоқ келе жатыр ақырын.
Сағынышыммен Саған деген мен бүгін,
Тіге берем Бақытымыздың шатырын!
 
Руслан Әл-Інжуи 
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 1116 | Рейтинг: 0.0/0