Сүйем сені
Сүйем сені... Дайынмын, ащы дәмін татуға махаббаттын, Сезіміме мәігілік адал, ақпын. Асау жүрек алқынып, тулап жатыр, Бір бөлшегі болған соң ғаламаттын. Сүйем сені... Сен менің өміріме қалай келдің, Сол сәттен шуақ төгіп, арай бердің. Кездесіп, нұр жүзіңді көрген сайын, Көзім тоймай, таусылып қарай бердім. Сүйем сені... Сәби жүрек: "Өз қалауым -сен!",-деді. Еркелеткен жылы сөзің бесік жырымен тең еді. Әлемдегі бар бақыттың құндағына бөлеп ап, Махаббаттын әлдиімен тербедің! Қарамұрзиева Жадыра Сисенғалиқызы
| |
Просмотров: 1187 | |