Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Қорқа берем
Қорқа берем,селт етседе жапырақ
Қорқып қалам,жел уілдеп өтседе .
Барі маған қарайтындай сұстанып
Қорқынышты киіп алып бет перде.
Айнағада қарауғада қорқамын
Іші бөлек,сырты басқа адаммын.
Осы күйден жәйім бар шыға алмаған
Көңілімнің таба алмай қалауын.
Махаббаттан қорқамын,қатты қорқам
Жалыны ыстық күйдіріп жіберер деп.
Махаббаттан қорқамын аулақ жүрем
Жүрегімнің соғысы жиелер деп.
Біреу мені сүйер бәлкім сүйсінер
Ал,біреулер сезімсіз деп жазықтар.
Сүйгім келед,қорқам бірақ,қорқамын
Қосылмаған шын сүйетін ғашықтар.
Сүюуге мен ,сүйгізуге тиіспін
Махаббаттан дұрыс екен қашпаған.
Қосылмаған ғашықтарда бар шығар
Менің өмірім өзгешеғой басқадан.
Қорықпаймын енді қорқынышты сейілттім
Дыбысына жүрегімнің үңілдім.
Менде болам басқаларға сүйікті
Жалғыздықтан шыны керек түңілдім.
 
Ильясова Райхан
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 748 | Рейтинг: 0.0/0