Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 09.02.2025

Ғашықпын деп ойламаймын өзімді
ғашықпын деп ойламаймын өзімді,
әрбір адам болу керек төзімді.
жоқ жүректе өліп-өшкен махаббат, 
ал, бірақ та бір қайғы өртегендей ішімді. 

мен саған ғашық емеспін, білем оны,
неге бірақ жадымнан кетпей қойдың.
ұнатамын мен сені бір қырыңнан,
ал бірақ та кей кейде жек көремін. 

ұнатам деп алғашында шуақ төктің,
білем, бұл сөз аузында ғой көптің.
алайда мен сеніп ем сөздеріңе
ақымақтық жасадым өткен ізде.

ұнатамын, бірақ та жек көремін,
өмірден талай сырды үйренгенмін.
қаншалықты ұнатып тұрсам дағы
сезімімді шектеуді де білемін.
 
Әлия
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 782 | Рейтинг: 0.0/0