Бақытты бол БОТАҚАНЫМ
Ұмыт мені жапырағым ұмыт мені, Үзілмесін бірақ та үміт легі. Көз жасыңды төкпеші енді мүлдем, Тек бақытты көрейін енді сені. Ойлама енді жалғызым ойлама енді, Сезімдерің мен деген енді сөнді. Мен күресіп жүруші ем мұңдарыммен, Сабыр менде қалмады мұңым жеңді. Бақытты бол Ботақан бақытты бол! Тосып отыр алдыңда сені ұзақ жол. Өткеніңді мені де ұмытпағын, Бірге жүрген сол күндерге сілтеме қол. Арман қуған жас едің, сұлу едің, Мен ұнатқан шай құйғыш періштем сол! Іздеме енді достарым арасынан, Көрінбестен жүремін қалауым сол. Бақытыңды көрейін жасырынып, Бақытты бол Ботақан бақытты бол! Мені енді ойлама, уайымдама, Мен өзіңді бақылайын и жаным сол! Көздеріңнен махаббат төгіледі, Ол махаббат өзгеге беріледі. Сен кеткен соң жарығым өзге жанға, Кім ұрысып, мені енді кім сөгеді??? Көздерімнің мұңдары жиналып тұр, Жанардан жас еріксізден төгіледі. Жылайыншы бақырып жылайыншы..... Жүрегімнің мұңдары сөгіледі. Жұбатпашы жыласам жұбатпашы, Жылап тұрып кешірім сұратпашы. Көз алдымнан бейнеңді алып сенде, Өтінемін жүректен жырақташы. Ұнатпашы мені сен ұнатпашы, Қасымнан сен уақытша жырақ баршы. Мені енді ойламай, уайымдамай, Өзге жанмен үйлесіп сыр ақтаршы. Мен енді жүрейін жалғызсырап, Жүрегіңде аяныш сезімін оятпашы. Ата-анаң қалауын орында да, Мені ойлауды ендеше аяқташы. Менің енді көрмейсің көшеде жүргенімді, Енді мүлдем көрмейсің күлгенімді. Ауырсамда ешкімге білдірмеспін, Қаламаймын мен жайлы білгеніңді. Сағынамын, сағынарсың амал бар ма? Көрсетпеймін сағынып жүргенімді... Мен кететін кемеде тосып мені, Сол кемеге бар қуаныш бірге мінді. Іздеме енді алыста болсам дағы, Сезініп жүр жаныңда жүргенімді. Көргің келсе егер де сызылып күлгенімді, Есіңе ал менімен күлімдеп жүргеніңді... Бақытты бол Ботақан бақытты бол! Тосып отыр алдыңда сені ұзақ жол. Қиналғанда ойланып мені есіңе ал, Жүрегіңнің түбінен созамын қол. Бақытты бол Ботақан бақытты бол! Күнің күлсе көгіңнен мен болам сол. Шуылдағаң сұп сұлу ұл қызды бол, Егер ұлың болса есісі болсын Нурбол! Бақытты бол БОТАҚАНЫМ бақытты бол. Налибаев Нурбол | |
Просмотров: 1116 | |