Өкініш
Мен сені шынымды айтсам,сүйеді екем, Айлар бойы төзімімді сынап келем, Аққулар сыңарынсыз бола алмайды, Тура сол,сондай халге мен де жеткем. Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең, Әттең,әттең сезіміңді кеш түсінгем, Сол бір шақта сезіміңді бағаламай, Сезім отын үрлеуменен мен сөндіргем, Күндіз-түні ойлайтыным өзің жайлы, Саған деген сезімім менің кеш оянды Әурешілік екенін мен білемін, Тұнып іштен өзіңе бақ тіледім!!! Қыдырова Ләззат
| |
Просмотров: 808 | |